Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры ЖҒжТФ оқытушыларымен кездесті

№7 оқу ғимаратында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің ұжымымен кездесті.

Факультет деканы Досым Ерболатұлы есептік баяндамасында өткен жылы іске асқан жобалар, осы жылдың жоспарлары туралы айтты.

Факультет 6 кафедрасы бакалавриаттың 24, магистратураның 15, докторантураның 4 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды. Кафедралар үш, зертханалар төрт оқу ғимаратында орналасқан.

Соңғы екі жылда факультет үздік атанып келеді, биыл биоология кафедрасы жыл кафедрасы атанды, профессор Л. Квеглис – үздік зерттеуші, аға оқытушы Г. Ботабаева – үздік куратор.

Факультетте 10 жаңа білім беру бағдарламасы ашылды, оның ішінде «Компьютерлік мехатроника» тәжірибелік бағдарламасы бар. Алғаш рет докторантура мамандықтары бойынша гранттар алынды: 6D060600 Химия – 3 грант, 6D060400 Физика – 2 грант.

Досым Ерболатұлы алда студенттер санын 2 мыңға жеткізу, «Аграрлық технологиялар және агробизнес», «Химиялық криминалистік сараптама», «Ветеринария» және басқа да жаңа білім беру бағдарламаларын ашу міндеттері тұрғанын айтты.

Ұсыныстар арасында – №4 оқу ғимаратында ветклиника мен жылыжай салу, №7 оқу ғимаратындағы орынжайларды кеңейту, зертхана құралдарына арналған орынжай салу, инженерия кафедрасын ашу, оқу-зертханалық құралдармен жарақтау.

Есеп пен жоспарларды тыңдаған оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген оқытушылар алдына жаңа міндеттер қойды, олардың ең бастысы – студенттер санын арттыру және білім сапасын көтеру.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo