Ғылыми кеңес отырысында ШҚМУ профессоры Наталья Завалко ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегенге «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор атағының берілгені туралы аттестаты салтанатты түрде табыс етті.
– Құрметті атақты нақ біздің ЖОО-да алып тұруыңыз бекерден-бекер емес деп санаймын. Өзіңіздің күш-қуатыңызбен барлығымызды алға бастап келесіз. Сізге және Сіз жетекшілік етіп отырған университетімізге жаңа жетістіктер тілеймін! – деді Н. Завалко.
Ректорды ұжым атынан кәсіподақ төрайымы Н. Аяғанова, PhD докторанттары Е.Г. Рякова, М. Шүршітбай және басқалар құттықтады.
Естеріңізге салсақ, Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушысының бұйрығымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегенге «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор атағы берілген болатын.
Баспасөз қызметі