Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегенге «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2018 жылдың 4 қыркүйегіндегі №1426 «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығымен Мұхтар Әділбекұлы Төлегенге 12.00.00 «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Құттықтаймыз!
Ректорат,
баспасөз қызметі