- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Тәуелсіздік күні қарсаңында 50 шығысқазақстандық елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлестері үшін ордендермен және медальдармен марапатталды.
Елбасы атынан жоғары наградаларды облыс әкімі Даниал Ахметов табыстады деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Білім, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп саласының өкілдері «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ел Президенті атынан марапатталғандар қатарында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының міндетін атқарушы И.В. Ровнякова да бар.
Баспасөз қызметі