Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Республика алаңындағы Наурыз мерекесіне қатысты

Наурыз мейрамы облыс орталығындағы Республика алаңында аталып өтті. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ дәстүрге сай облыс орталығының басты алаңындағы Наурыз мерекесіне қатысып, киіз үйлер қалашығына өз үйін тікті.

Киіз үйде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген құрметті қонақтар – Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймардановты, облыс және университет ардагерлерін қабылдады, өз кезегінде мәртебелі мейман ретінде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ киіз үйіне бас сұқты.

Күні бойы барлық ниет білдіргендер – ЖОО студенттері, оқытушылары, қызметкерлері, балалар ШҚМУ киіз үйіне келіп, мол жайылған дастарханнан дәм тата алды. Киіз үй алдында қазақи киім киген қыздар көпшілікті ішке кіруге шақырып тұрды, олармен селфиге түсушілер де көп болды. Үй маңына сахна қойылып, университет студенттері өз өнерлерін көрсетті.

Өзге ұйымдар мен кәсіпорындар да өз киіз үйлерін тігіп, талғамдарына сай безендіріпті.

Алаңда осы күні түрлі ойын-сауық ұйымдастырылды: мерекелік құттықтаулар, ғажайып шоу, отандық эстрада жұлдыздары мен Өскемен және Барнаул (Ресей) қалаларының шығармашылық ұжымдары қатысқан концерт, Палау фестивалі, сиқыр көрсету бағдарламасы және басқалар...

Үлкен сауда қатарында ет, бал, нан-тоқаш және кондитер бұйымдары, күнбағыс майы, көкөніс, сүт өнімдері, торт сынды сан алуан азық-түлік сатылымы қызды, қолданбалы өнер көрмесінде шеберлер қолдан жасалған бірегей бұйымдарын ұсынды.

Балалар үшін облыстық білім басқармасының киіз үйінде танымдық бағдарламалар, спортшылар үшін сайыстар қарастырылды.

Әлбетте, дәмі тіл үйірер кәуәп көп болды. Олар алаңда да, трамвай жолы бойында да пісіріліп жатты.  

Мереке Республика алаңындағы кешкі жастар би думанымен аяқталды.

Баспасөз қызметі,

суреттерді түсірген А. Попов,

Қазақ
× You found a Typo