Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ республикалық вебинар ұйымдастырып, қашықтан оқыту технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті

 

Университетте ZOOM конференциясы мен You Tube арнасы арқылы «Қашықтан оқыту технологияларын қолданылатын оқытудың заманауи әдістемелік амал-тәсілдері (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тәжірибесінен)» республикалық оқыту вебинары өтті.

Вебинар ШҚМУ сайтының «ШҚМУ баспасөзі» бөлімінде өтті. https://www.youtube.com/channel/UCo6yF4QlDvusrEH9f_8_nYw

Оған облыстық білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің, назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері, облыс мектептерінің. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен елдегі өзге ЖОО-лардың оқытушылары қатысты.

– Біз ШҚМУ-да бар мол тәжірибемен бөліскіміз келеді. Бүгінде білім сапасына үлкен көңіл бөлінуде, қазіргі қашықтан оқыту жағдайында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету аса маңызды. Университет сайт пен әлеуметтік желілер арқылы кәсіби бағдар беру, студенттерді тарту бойынша ауқымды істер атқарып отыр. 6-сәуірден 7600 мектептің 3 миллион оқушысы қашықтан білім ала бастайды. Осыған орай мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында осы вебинарды өткізудеміз, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А. Байжанова қашықтан оқытуға көшу бойынша білім ұйымдарының ЖОО-лармен әріптестігі туралы айтып берді.

– Бүгінде университет түлектерді ҰБТ-ға дайындау жөнінен мектептер мен колледждерге қолдау көрсетуге әзір. ЖОО сайтында «Түлектерді ҰБТ-ға дайындау» бөлімі бар. Сондай-ақ, ШҚМУ мектеп оқушылары үшін олимпиадалар мен байқаулар өткізіп, жеңімпаздарға түрлі гранттар бөліп келеді, – деді ол.

Назарбаев зияткерлік мектебіндегі қашықтан оқыту туралы мұғалім В. Шаповалов хабарлап, НЗМ мен ШҚМУ-дың осы бағыттағы ынтымақтастығы жөнінде айтты.

Вебинарда ШҚМУ докторы С. Адиканова қашықтан оқыту барысындағы бұлтты технологиялардың мүмкіндігі туралы түсіндірді. Мұнымен қоса, ШҚМУ ғалымдары М. Сутула, А. Тоқтасынова, С. Стельмах, Г. Байыркенова, А. Сәдуақасова қашықтан оқытудың озық технологиялары турасында мол ақпарат ұсынып, барлық сауалдарға жауап берді.

– Қатысушылардың барлығына белсенділіктеріңіз үшін алғыс білдіремін. Шығармашылық жоспарларыңыз сәтті іске ассын! – деп түйіндеді іс-шараны оқу орнының ректоры.

Вебинарға барлық дерлік өңірлерден 200-ден астам адам қатысты, оқытушылар қашықтан оқыту технологиялары туралы жаңа әрі өзекті ақпарат, веб-ресурстарға пайдалы сілтемелер алды.

Конференция материалдары ШҚМУ сайтында орналастырылатын болады https://nextcloud.vkgu.kz/index.php/s/6rPAzmXceG9AYgi

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo