Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Риддердегі ЖОО-лар мен колледждер күніне қатысты

Бүгін Риддер қаласындағы №10 мектеп-лицейде мектеп оқушыларына арналған ЖОО-лар мен колледждер күні өтті. Оған қаладағы мектептерде оқитын 200-ге жуық оқушы қатысты.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор И. Ровнякова құттықтау сөз сөйлеп, 65 жылдық тарихы бар ШҚМУ туралы, оның жетістіктері, білім беру бағдарламалары, жобалары туралы айтып берді. Ол ШҚМУ алғыс хаттарын оқуда да, спортта да, қоғамдық өмірде де табысқа жетіп жүрген белсенді әрі үздік студенттер оқыған мектеп директорларына табыстады.

Делегация құрамында факультеттер, құрылымдық бөлімшелер, Жоғары колледж жетекшілері болды.

Іс-шарада оқушыларға ақпарат беріліп, университет жөнінде, мамандықтар туралы ақпараттық-имидждік материалдар таратылды, концерт ұсынылды.

ШҚМУ-дан бөлек шараға ҚАЕУ, Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Семей медуниверситеті, Өскемен колледждері де қатысты.

ШҚМУ өкілдері өзгелерден университет символикасы белгіленген фирмалық галстуктарымен ерекшеленді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo