Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ сайты 40 елдегі шетелдік әріптестер арасында сұранысқа ие

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтының Facebook желісіндегі парақшасы 41 шет елдегі пайдаланушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Ең көп жазылушылар – Қазақстанның, одан соң Ресей мен Моңғолияның азаматтары.

Сайт жаңалықтарын АҚШ, Түркия, Үндістан, Украина, Қырғызстан, Германия, Корея, Өзбекстан, Польша, Пәкістан, Израиль, Қытай, Аустрия, Сауд Арабиясы, Ауғанстан және өзге де елдерден кіретін жазылушылар көп оқиды. Сайт қолданушылары Жапония, Люксембург, Ұлыбритания, Бразилия, Марокко, Беларусь, Мысыр, БАӘ, Швейцария, Грекия, Испания, Чехия, Вьетнам және өзге елдерде де бар. Көріп отырғандарыңыздай оқырмандарымыздың жағрафиясы сан алуан.  

Жастарына келер болсақ, негізгі пайдаланушылар – 25-34 жастағылар, одан әрі – 35-44 жастағылар, ең аз оқитындар – 18-24 жастағы адамдар. Осы ретте «Студенттер, қайдасыңдар?!» дегіміз келеді. Мұнан басқа, оқырмандардың 55% әйелдер болса, 45% ер азаматтар екен. 

Қыркүйек айындағы жаңалықтардың ішінде ең көп оқылғаны – «ШҚМУ ректоры Аманжолов медалін оқу орнының тұңғыш ректорына табыс етті» деген хабар.  

Өзге танымал жаңалықтар ішінде «ШҚМУ-да премьер-министрдің орынбасары Б. Сапарбаев жұртшылықпен кездесті», «М. Төлеген: «Қоғамдық диалог, ашықтық, жемқорлықпен күрес – негізгі бағыттар», «ШҚМУ-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» конференциясына қатысушы ғалымдар дәріс оқыды», «Әлеуметтік әріптестер – ШҚМУ мен KAZ Minerals оқу орнының тұңғыш ректоры Е. Мәмбетқазиев атындағы оқу дәрісханасын ашты» сияқты хабарлар бар.

Естеріңізге салсақ, «Webometrics Ranking of World Universities» бағалауы бойынша ШҚМУ сайты 10355 орында тұр, ал еліміздегі 122 университет сайттары арасында 20 орынды иеленеді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo