Яндекс Вебмастер статистикасы ШҚМУ сайтына кірушілер санының жарты жылда тұрақты өскенін көрсетеді.
Әсіресе, қаңтар, ақпан, наурыз, мамыр, маусым, тамыз айларында сайтқа кірушілер саны көп болған. 6 тамызда сайтқа кірушілер саны күрт өсіпті, осы күні білім гранттарын иеленушілер туралы ақпарат шыққан.
Статистика бойынша пайдаланушылар жаңалықтарды көп қарайды, сондай-ақ білім бағдарламалары, мамандықтар, оқу құны, магистратура, байланыс телефондары бойынша ақпаратты көп іздейді.
Сайтты қолданушылардың дені, яғни 80-90 пайызы – еліміздің тұрғындары.
Баспасөз қызметі