- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ өкілдері И.В. Ровнякова және М.К. Калышканов Семей қаласындағы орта мектепте болып, оқу орнына Біржан Исадиловтың есімін беру бойынша ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.
Біржан Исадилов - Шығыс Қазақстан облысының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, 1944 жылы қаза болып, Польшада жерленген.
оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор И.В. Ровнякова және Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің директоры М.К. Калышканов С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымы атынан мектеп оқушыларына робототехника кешенін сыйға тартты.
Баспасөз қызметі