- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
19 -21 ақпан аралығында ШҚМУ мобильді тобы (қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы ЖапароваА.М. мен шетел тілі мен аударма ісі кафедрасының оқытушысы Бейсенова С.Ж.) Шемонаиха ауданы бойынша мектеп бітіруші түлектерге арналған кәсіптік-бағдар беру бойынша жұмыс жүргізіп келді.
Мобильді топтың мүшелері келесі орта мектептің түлектерімен кездесті:
«Н. Островский атындағы жалпы орта мектеп-гимназиясы», «Ю.А. Гагарин атындағы №3 жалпы орта мектеп гимназиясы», «№4 жалпы орта мектебі», «№5 жалпы орта мектебі», «И.М. Астафьев атындағы жалпы орта мектебі» Шемонаиха қаласының, Усть-Талов орта мектебі, А. Иванова атындағы Выдриха орта мектебі».
Барлық оқушылар университеттің өкілдерімен кездесуге қуанышты болды, өйткені олар ҰБТ туралы қызықты сұрақтарға және болашақта болашақты жүзеге асыра алатын мамандықтардың мүмкіндіктері туралы жауап ала алды. Университет кеңес-бағдар беруші өкілдері әрқайсысы өз слайдтарын, университеттің бейнеклиптерін, факультеттері туралымәліметтерін көрсете алды. Ата-аналар жиналыстарға қатысып, университетте оқу ақысы, жеңілдіктер туралы сұрақтар қойды.
Өткен жылғы өту баллдары туралы, әскери кафедра, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықтың, екі дәрежелі білім беру бағдарламалары туралы ақпараттар берілді. Түсіндіру жұмысы педагогикалық және шығармашылық мамандықтарға қабылдау ережелері бойынша жүргізілді, оқушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Мобильді топ мүшелері 2018 жылға үміткерлердің алдын-ала негізін құрастыру бойынша жұмыстар жүргізді.
ШҚМУ мобильді тобы