С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мен шетелдік университеттердің бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту жоспарында ынтымақтастық географиясын кеңейту көзделген.
Бірлескен білім беру бағдарламасы – серіктес университеттер әзірлейтін және іске асыратын білім беру бағдарламасы, ол университеттердің бірлескен дәрежелері (біліктіліктері) бағдарламасын сәтті игерген түлектерге жоғары білім туралы тиісті құжаттарды (дипломдар, сертификаттар) беруді қарастырады.
Бүгінгі таңда шетелдік университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту С. Аманжолов атындағы ШҚМУ үшін интернационализациялау стратегиясының бір бөлігіне айналды.
2017 жылдан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бірлескен білім беру бағдарламалары магистратура мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.
ШҚМУ Ресей Федерациясының университеттерімен (И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университеті, Алтай мемлекеттік университеті, ТМУ, НМУ және т.б.) қосдипломды бағдарлама бойынша келісімге ие.
Бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытудың ұзақмерзімді жоспарына ынтымақтастық географиясын кеңейту және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бірлескен бағдарламаларын көбейту енеді.
Баспасөз қызметі