Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Шопрон университетімен келісім жасады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шопрон университеті (Мажарстан) арасында академиялық және зерттеу салалардағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Келісімге ШҚМУ-дың Экономика және құқық, Психология, педагогика және мәдениет факультеттері, Ламфалуши университетінің экономика факультеті (Шопрон) және Элек Бенедек атындағы университеттің педагогика факультеті (Шопрон) мұрындық болған.

Құжатқа ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген және Шопрон университетінің ректоры Андраш Нахлик қол қойды.

Келісім бойынша кадрлармен – ғылыми қызметкерлермен, әкімшілік персоналмен, студенттермен, аспиранттармен, магистрлермен алмасу, ғылыми зерттеулер бойынша өзара іс-қимыл жасасу, ғылыми материалдармен, ақпаратпен алмасу қарастырылған. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo