Қазақстан жоғары оқу орындарының Х жазғы Универсиадасы бадминтоннан басталды. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасында дене шынықтыру және спорт мамандығының бес, психология мамандығының бір студенті болды.
Олар – Ерасыл Құрманбаев, Светлана Чернова, Виктория Такшеева, Асхат Дүсіпов, Руфат Мұсабаев, Камилла Мәлікова.
Бірінші күні ШҚМУ командасы ҚазҰУ командасынан жеңіліп, өз тобында 2 орын алды. Бұл нәтиже 3-4 орындар үшін күресуге мүмкіндік беріп, спортшыларымыз АТУ командасын 5:4 есебімен жеңді.
Бұдан соң жұптар сайысты. Е. Құрманбаев, Р. Мұсабаев жұбы 4 орынды иеленді. ал, Р. Мұсабаев, В.Такшеева жұбы 8 орыннан көрінді.
Осылайша, 15 команда ішінен ШҚМУ қол жүлдеге ие болды.
Команданы ШҚМУ оқытушысы, доцент М. Жақсылықов дайындады.
Жастарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Баспасөз қызметі