- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ-дың болашақ заңгер-студенттері кәмелетке толмағандар ісі бойынша Шығыс Қазақстан облысының №1 ауданаралық мамандандырылған сот жұмысымен танысып қайтты.
Аталған шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мәселесін талқылау, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында студенттерге арналып экскурсия ұйымдастырылып, мекеменің жұмысымен толығырақ танысу үшін барлық жағдай жасалды. Сонымен қатар ауданаралық сот төрағасы Т.С. Жұмагедин және кеңсе қызметкерлері студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, сәттілік тіледі.
Баспасөз қызметі