Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті 10-шы ұлттық Франкофонды әндер байқауының жартылай финалында 1 орын алды

ШҚМУ студенті Никита Дерябин 10-шы ұлттық Франкофонды әндер байқауының жартылай финалында 1 орын алды.

Ал байқаудың қазылар алқасының құрамында 9-шы ұлттық Франкофонды әндер байқауының жеңімпазы, ШҚМУ студенті Юлия Юрочкина болды.

Байқау Француз мәдениетінің фестивалі-2018 аясында Пушкин атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында өтті.

Қазылар алқасының құрамына облыс әкімі симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижер Александр Галсанов, француз тілі мұғалімі Татьяна Осипова және 9-шы ұлттық франкофондық әндер байқауының жеңімпазы Юлия Юрочкина енді.

Атап өтерлігі, шараны бейнетаспаға ШҚМУ студенті Әлішер Мишелев түсірді.

Жас таланттар француз әндерінің ең үздік орындаушысы атағы үшін Астанада өтетін финалға өтуге сайысты. Бас жүлде – Францияға жолдама.

Сайыс қорытындысы бойынша гран-приді Дарья Шмаленко, 1 орынды Никита Дерябин, 2 орынды Айжан Демесінова, 3 орынды Елизавета Осипова алды.

Баспасөз қызметі

Суреттерді ұсынған Пушкин атындағы кітапхана

Қазақ
× You found a Typo