- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Құралай Алдаберген Елбасы Қорының стипендианты атанды.
ШҚМУ-дағы стипендияға алты үміткердің ішінен конкурстық комиссия Құралай Алдабергенді таңдап алды, ол осы жылы Алматыда өткен өз мамандығы бойынша студенттер арасындағы республикалық олимпиадада 2 орын алған болатын, сондай-ақ оқу орнында «Жыл филологы» атанған.
Мұнымен қоса, Құралай Алдаберген – «Шығыстың жаршысы» журналында шыққан бес ғылыми мақаланың авторы.
Байқауға тек күндізгі бөлімде, бюджеттік және коммерциялық негізде болса да үздік оқитын 3-4 (5) курс студенттері ғана қатыса алады.
Елбасы Қорының шәкіртақысы бір жылға студенттердің ғылыми-шығармашылық әрекеттерін ынталандыру үшін тағайындалады. Ол конкурстық негізде тағайындалып, жалпы шәкіртақыдан бөлек төленеді.
Құралайдың арман-мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыру, ШҚМУ магистратурасына оқуға түсу және университетте оқытушы болу.
Баспасөз қызметі