Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті Ермұхан Бекмаханов атындағы байқаудың жүлдегері атанды

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен 29 қарашада Алматы қаласында «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы жас тарихшылардың міндеті» атты жас тарихшы ғалымдардың VІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шараға ШҚМУ-дан «Рухани жаңғыру» гуманитарлық жəне саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Әсем Әубәкірованың жетекшілігіндегі тарих мамандығының 3 курс студенті Әйгерім Мұқан жəне шет тілі мамандығының 1 курс студенті Инабат Советхан қатысты.

Конференция қорытындысында Инабат Советхан Е. Бекмаханов атындағы республикалық байқаудың ІІІ дəрежелі жеңімпазы атанып, «Ер Жəнібек» халықаралық қоғамдық қорының демеушілігімен 65 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.

Конференцияны Тарих жəне этнология институтының директоры З. Қабылдинов ашып, тарихшы, ардагер ғалым Қ. Алдажұманов жас тарихшыларға ақ батасын берді. Е. Бекмахановтың қызы, тарихшы Қарлығаш Бекмаханова конференция жеңімпаздарын марапаттап, əкесі жайлы естеліктерімен бөлісті. Жас ғалымдар ішінде құттықтау сөз сөйлеу құрметі ШҚМУ қызметкері Ә. Әубәкіроваға берілді.

 Жапония, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан ЖОО-ның жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысқан шарада ШҚМУ делегациясы ұсынған мақалалар жоғары бағаланды.

«Рухани жаңғыру»

гуманитарлық жəне саяси зерттеулер орталығы

Қазақ
× You found a Typo