- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Франкофония-2017» республикалық байқауының гран-при иегері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Юля Юрочкина жаз мезгілінде Францияда болып қайтты, жолай Ницца, Канна және Монако жерлерін аралаған ол, алған әсерімен бөлісті.
Ең бірінші Ниццаға барғанда, жалғызсырап, үйге қайтқысы келген Юля, Шымкент, Астана және Алматылық жерлестерімен танысып, дос болып кеткен. Уақыт өте елге, олардың мәдениеті мен тіліне деген көзқарасы өзгеріп, елге оралған соң француз тілі курстарына жазылған. Сәні мен сәулеті келіскен Монакода, жарық жұлдыздар мекені Каннада басынан өткен қызықтарымен бөлісті.
Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесін аралап, бүкіл әлемді елден шықпай-ақ аралауға болатыны қатты ұнағанын жеткізді.
Баспасөз қызметі