Өскеменде «Алтын күз» балалар, жасөспірімдер, жастар шығармашылығының халықаралық фестиваль-байқауы өтті.
Ұйымдастырушы – «Созвездие талантов» кәсіпкерлер қауымдастығы (Қарағанды қ.).
«Эстрада» аталымында 45 әнші бақ сынасты. Жеңімпаз болып ШҚМУ «Музыкалық білім беру» мамандығының 1 курс студенті Ариана Полторанина атанды. Жетекшісі – аға оқытушы М. Есютина.
Ариана бас жүлдемен қатар естелік медальға және статуэткаға ие болды.
Баспасөз қызметі