- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Музыка кафедрасының аға оқытушысы М. Есютина дайындаған екі студент «Қазақстан дарындары» халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестиваль-байқауында жеңімпаз атанды.
Байқау 1-3 желтоқсанда Астанада өтті. Оған еліміздің барлық түкпірінен, шетелден 700 адам қатысты.
Байқау бірнеше аталым бойынша өтті: вокал, хореография, аспапты шығармашылық, концертмейстерлік шығармашылық, көркемсөз, театр, бейнелеу өнері.
Байқаудың қазылар алқасын халық әртісі, академик Ш. Әбілов басқарды.
«Вокал өнері» аталымында ШҚМУ музыка мамандығының 1 курс студенті Дина Мырза және Өскемендегі №10 орта мектептің 10 сынып оқушысы Виолетта Головченко қатысты.
Дина Мырза 17-20 жас санатында бас жүлдені жеңіп алды, ал Виолетта Головченко 14-16 жас санатында 1 орын иеленді.
Дарынды қыздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен үлкен жеңістерімен құттықтаймыз!
Баспасөз қызметі