Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті «Киелі Алтай: Берел - 2019» фото блог-турына қатысты

Шара республикалық «Фотоөнер» бірлестігінің және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен, сондай-ақ «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің, «Берел» музейінің қолдауымен өтті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен 15 фотоөнер шебері қатысты. Тур мүшелері бір апта Катонқарағай ауданының табиғаты мен тарихи орындарын фотоға түсірді.

Мақсат – тарихи-мәдени жерлерді халыққа көрсету, жастар арасында фотография өнерін дамыту.

Бірінші күні қонақтар «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің қолдауымен Өскемендегі этноауылмен танысып, «National Geographic Qazaqstan» журналының шеф-фотографы Ерболат Шадрахов және басқа фотографтардың шеберлік сағатына қатысты. Белсенді көрермендерге «Фотоөнер» ҚБ атынан сыйлықтар табысталды.

Келесі күндері қатысушылар «Берел» обалары мен «Патшалар алқабын», тұмса табиғатты, Берел ауылының тұрмыс-тіршілігін, Мұзтау етегіндегі Қаракөл көлін суретке түсірді. «Марал» және «Бал арасы» шаруашылықтарының жұмысымен танысып, күнбағыс алқаптарын аралады.

Фотографтардың жұмысы күздің алғашқы айында Өскемен, Семей, Алматы қалаларында өтетін фотокөрмеге қойылмақ.

Бұл шараға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика мамандығының 3 курс студенті Елназ Әбенғазыева қатысып, үлкен тәжірибе жинады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo