Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың психология, педагогика және мәдениет факультеті дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының 2 курс студенті Серікбол Ермеков кикбоксингтен әлем чемпионы атанды.

Кикбоксингтен әлем чемпионаты 19 қазанда Ирландияда өтті, оған 25 елден спортшы қатысты.

Чемпионның бапкерлері – Ержан Шегенов пен Ермек Мүкенов.

Серікбол Ермеков спорт шебері разрядына ие, ол жастар арасындағы ел чемпионы. 2016 жылы Әлем кубогында 2 орын, 2014, 2015, 2016 жылдары «Ермак кубогы» халықаралық турнирінде 1 орын, 2017 жылы осы турнирде 2 орын алған. 

– Әлем чемпионатында «алтын» алдым, алдымен ресейлік спортшымен жолықтым. Үш раундтан соң төрешілер тең ұпай берді, сондықтан төртінші раундқа шығып, оны жеңдім, – дейді Серікбол. 

Ол Катонқарағай ауданының Жоғары Катон ауылында туған. Отбасыларында төрт бала бар, анасы – дүкенде сатушы, әкесі – тракторшы.

Кикбоксингпен 12 жасынан мықтап айналысады, сондай-ақ бокспен, футболмен, жүзумен, атлетикамен, кроспен, ойындық спорт түрлерімен де шұғылданады.

Тәрбиелі студент оқуды жақсы көреді (сүйікті пәндері – тарих, орыс тілі), салауатты өмір салтын ұстанады, бос уақытын толық спортқа арнайды.

– Жас спортшыларға айтарым, көбірек еңбектену керек, сонда ерте ме, кеш пе жеңіске жетесіздер. Өз-өздеріңізді аямаңыздар, күнде жаттығу керек, таңертең жүгіру керек, салауатты өмір салтын ұстанған жөн. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! – деп кеңес береді Серікбол.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo