С. Аманжолов атындағы ШҚМУ физика мамандығының 3 курс студенті Полина Галитовская қол күресінен Азия кубогында 3 орын иеленіп, қол медельді ұтып алды.
Сайыстар 5 қазанда Алматы қаласында өтті.
Ал 28 қыркүйекте Полина Галитовская Курчатов қаласында қыздар мен жігіттер арасында өткен қол күресінен облыстық чемпионатта 1 орын алған болатын.
Полина Галитовская – Ұлан ауданы Митрофановка ауылының тумасы, бірнеше жыл армрестлингпен айналысады, жеңістері де аз емес. Спортпен қатар ағылшын тілін үйреніп жүр.
Баспасөз қызметі