ЖТжТФ физика және технологиялар кафедрасының 2 курс студенті Полина Галитовская ШҚО-да өткен ел чемпионатында 3 орын алды.
Мұның алдында, яғни 1 желтоқсанда Полина өскемендік қыздар арасындағы турнирде 1 орын алған болатын.
Мұнымен қоса, қарашада Полина облыстық сайыста 2 орын алды деп жазғанбыз. Енді, міне, жаңа жеңіс – ел чемпионатының қола жүлдесі!
Біздің Полина өткен жылы ІХ Универсиадада 2 орын иеленген болатын.
Қол күресімен ол үш жылдай шұғылданып келеді.
Баспасөз қызметі