Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті Əлішер Мишелёв «ЕХРО-2017 қалай өтті?» фильмінің премьералық көрсетілімін əзірлеуде

9 ақпанында сағат 16.00-де кітапхананың мәжіліс залында «Как прошло EXPO-2017?» фильмінің презентациясы өтеді. Фильмнің авторы Мишелев Алишер үш ай бойы Астана қаласындағы «EXPO-2017:Болашақ энергиясы» мамандандырылған көрмесінде жұмыс істеді.

Фильмде Алишер жұмыс жасаған Монако Корольдігі павильонынының өкілдері, қызмет еткен жастар командасы өздерінің көрме жұмысынан алған әсерлерімен бөліседі.

Тұсаукесер көрсетілімінде көрермен мамандандырылған көрменің көпшілікке белгісіз, құпия жақтарын да білуге мүмкіндік алады.

Командадағы жұмыс қалай ұйымдастырылды, не ұнады, адамдар арасындағы қарым-қатынас, болашақтың энергиясын пайдалану туралы ЭКСПО фильмінің кейіпкерлері айтып береді..

Болашақ журналист, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Мишелев Алишер өзінің «Жастар Ералашы», «Біздің Өскемен» / «НашаУскамаша» бейнефильмдерімен көрермен көзайымына ие болған .

Алишер ЭКСПО алаңында жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап әлеуметтік желілерде, YouTube арнасында көрме туралы өзінің бейне-репортаждарымен әрдайым бөлісіп тұрды. А.Мишелев өзінің «Как прошло EXPO-2017?» деректі фильмін елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арнайды, және осы Бүкіләлемдік көрмеде алған тәжірибесі көрерменге пайдалы әрі қызықты болады деп сенеді.

Фильм көрсетілімінен кейін авторға сұрақ қойып, оның шығармашылық жұмысына баға беріп, фильм туралы пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.

Фильмнің презентациянсына журналистерді, блогерлерді, студенттерді, жоғары сынып оқушыларын және талантты жастарды шақырамыз.

Әрі қарай ЭКСПО халықаралық көрмелерінің барлық тақырыптары мен өткізілетін, қалалар мен елдер қазақстандықтардың назарын аударатыны сөзсіз.

Естеріңізге салсақ, алдыңғы ЭКСПО-2015 көрмесі Миланда өтсе, ЭКСПО-2020 көрмесі Біріккен Араб Әмірліктерінде Дубайда өтетін болады. EXPO-2022/2023 мамандандырылған көрмесіне белгілі кандидаттар: Миннеаполис (АҚШ), Лодз (Польша), Буэнос-Айрес (Аргентина) болса, EXPO-2025 көрмесіне үміткерлер Екатеринбург, Осака, Баку және Париж болып табылады.

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo