- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Экономика және құқық» факультетінің студенті «Өскемен аруы-2017» атағына ие болды.
9 қыркүйекте Металлургтер сарайында «Өскемен аруы-2017» байқауы өтті. Осы байқауда «Экономика және құқық» факультетінің «Экономика» мамандығының 4 курс студенті Аяужан Бақтыбаева Гран-При және «Өскемен аруы-2017» атағын жеңіп алды.
2017 жылдың қараша айында Аяужан «Қазақстан аруы-2017» байқауында біздің обылыстың намысын қорғайды.
«Экономика және құқық» факультетінің оқытушылары мен студенттері Аяужанды құтықтап, алдағы байқауда жеңіс тілейді.
Экономика және құқық факультеті