С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Ариана Полторанина Ресейде өткен халықаралық байқау-фестивальда ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Ал, оның тәлімгері «Үздік жетекші» дипломымен марапатталды.
Ресейдің Барнаул қаласында «Сібір жұлдыздарды жағады» жобасы аясында халықаралық байқау-фестиваль өтті. Оны «Планета Талантов» қоры, Мәскеу педагогикалық-көркем университеті, А. Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка университеті БҰҰ жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының қолдауымен ұйымдастырды.
Байқауға 100-ден астам театр, радио, телевидение, кино салаларының қызметкері, студенттер жекеше және топ құрамында қатысты.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Музыкалық білім беру» мамандығының 2 курс студенті Ариана Полторанина да осы байқауға қатысып, «Эстрадалық вокал» аталымында (16-19 жас аралығы) ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Ал, оның тәлімгері – Музыкалық білім беру кафедрасының аға оқытушысы М. Есютина «Үздік жетекші» дипломымен марапатталды.
Студентіміз бен оның жетекшісін құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!
Баспасөз қызметі