Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының ІІ кезеңінде үшінші орын алды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан  мемлекеттік университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстың II кезеңі өтті.

Байқау комиссиясының мүшелері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының 2020 жылғы 21 сәуірдегі бұйрығымен бекітілді. Байқауға 12 жоғары оқу орындарынан 24 ғылыми жоба ұсынылды. Комиссия мүшелері студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеп, қорытынды жасады. 

Жүлделі орынға ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурс талаптарына сай мына студенттер ұсынылды: I орын ­– І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Бондарь Маргарита, II орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Баймұратова Тазагүл, Еуразиялық гуманитарлық институтының  студенті Қарсыбек Алтынай, III орын – Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Рысбай Ұлдана, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Докумбаева Қарлығаш, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Баринова Яна.

Жүлделі орынға ұсынылған жұмыстар Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне конкурстың ІІІ кезеңіне қатысу үшін жіберілді.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo