14-15 мамырда Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша ел жоғары оқу орындары студенттері арасында «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» бойынша ХІІ республикалық студенттік онлайн-олимпиада өтті.
ШҚМУ атынан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенттері Өмір Әмалиат, Нәзира Сағымғалиева, Сұлтан Дауылбаев қатысты. Жетекшілері – дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті Е.Қ. Уанбаев.
Өмір Әмалиат жеке есепте 104 балл жинап, 3-орынға ие болды.
Е. Уанбаев Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қ. Закирьяновтан алғыс хат алды.
Студенттерді құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!
ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі