Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті Республикалық жастар форумына қатысты

Мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 3 курс студенті және Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілxайыр Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған Елбасымыздың қатысуымен елордамыз Астана қаласында өткен Республикалық жастар форумына қатысып келдім.

Сол форум аясын айта отырып, өзімнің алған әсеріммен бөліссем. Ең алдымен форум шымылдығы 29-қараша күні 14 облыс арасында өткізілген теннис жарысымен ашылды. Бұл жарыста Шығыс Қазақстан облысы 1-орын алып, жүзден жүйрік атанды. Осы жарыс соңы концертпен ұласып, барша форум қатысушыларына жақсы көңіл-күй сыйлады.

Ал, келесі күні яғни, 30-қараша күні Л.М.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жастар және бизнес» атты семинар-тренинг өткізілді. Тренингте кіші бизнестің даму сатысының қыр-сырларын түсіндірді. Осы тренингтен көптеген мағлұматтар ала отырып, жастар ісіне байланысты өзіндік сұрақтарыма жауап таптым десем болады.

Сонымен қатар, 1-желтоқсан күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен кездесу болды. Кездесуге өте белсенді жастар, әлем чемпиондары және «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген жастар қатысты. Бұл кездесуде Елбасымыздың қазіргі таңда жастар жан-жақты қамтылған болып, бәсекеге қабілетті ұрпақ болуын тілеп, болашақты осы жастардың қолына табыстау барысында оларға көп үміт артатынын байқадым.

Және де дәл сол күні ҚР Қорғаныс министрі және Премьер-Министрдің орынбасары Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлымен кездесуде болдық. Бұл кездесу барысында да мен көкейде сан-мыңдаған сауалмен, жауабы табылмаған сұрақтарымның жауабын таптым.

Осы іс-шарада жаңа таныстар мен көптеген достар таптым. Форум соңында осы Шығыс Қазақстан облысының делегациялары бірге қайтқан болатынбыз. Астанада өткен бұл форум маған үлкен әсерін қалдырды. Осыған дейін жастар ісіне байланысты және де басқа жағынан да білгенімді жетілдіріп, білмегенімді білуге үлкен септігін тигізді. Бұлда бір өмірлік тәжірбие.

Осындай бастамаларды жасап, осындай танымдық іс-шараларды ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз!

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Ә.

Қазақ
× You found a Typo