24.04.2018
ШҚМУ студенті «РЕТТАР» старт-ап жобасының жарнамасын түсірді
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Пушкин кітапханасы «Maker Space» бұрышының қызметкерлерімен бірге «РЕТТАР» жобасын әзірледі. Жастар жобаны ілгері жылжытуға жас режиссер, ШҚМУ студенті Әлішер Мишелевты шақырған.
– Мені НЗМ оқушыларына арналған жаңа қосымшаның жарнамасын түсіруге режиссер ретінде шақырды. РЕТТАР – НЗМ оқушылары мен кітапхана қызметкерлері жасаған, жоғалған үй құстарын іздеуге арналған қосымша, – дейді студент.
Оқушылар мен кітапхана қызметкерлері қазір тестік режимде тұрған қосымшаны мақтан тұтады. Әрине, роликтің авторы да жобаға қатысқананына қуанышты.
Баспасөз қызметі