Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Никита Соколов облыс құрамасының сапында Елбасы жүлдесіне арналған Халықтық ойындарға (Ақтау қ.) қатысып, үшінші орын иеленді.
Никита Соколов президенттік көпсайыс бойынша өнер көрсеткен. Облыс командасы 3 жалпыкомандалық орынға ие болды.
21-25 қыркүйекте өткен сайыстарға еліміздің барлық өңірінен 17 команда қатысты.
Баспасөз қызметі