Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті Универсиадада екінші орын алды

1 курс студенті Полина Галитовская ЖОО студенттері арасындағы республикалық IX Универсиадада армрестлинг бойынша 2 орын алды.

Полина Галитовская физика және технология кафедрасында грант бойынша оқиды. Ұлан ауданындағы Митрофановка ауылында туып-өскен. Нақты ғылымдарды ұнатады, сол себепті физиканы таңдаған, оқу ол үшін бірінші, ал спорт екінші орында.

- Университетте білім беру сапасы жоғары, зертханалық және практикалық сабақтардың көп өткізілетіні ұнайды, - дейді ол.

Армрестлингпен үш жылдай шұғылданады, десек те жеткен жеңістері баршылық, облыстық жарыстарда бірінші орындардан көрініп жүр.

Болашақта Полина өзін мектептегі физика мұғалімі ретінде көргісі келеді, мүмкін білімін магистратурада жалғастыратын болады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo