С. Аманжолов атындағы ШҚМУ математика мамандығының 3 курс студенті Мұса Сағадат «Үздік студенттік көшбасшы» аталымында жеңімпаз атанып, Өскемен әкімі Жақсылық Омардың сыйлығын алды.
Мұса Сағадат – ШҚМУ-дағы «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы.
Марапаттау Өскемен қаласы әкімінің жыл сайынғы жүлдесі табысталатын «Алау-2019» жастар форумы аясында өтті.
Баспасөз қызметі