Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті YouTube-қа жаңа форматтағы видеоларын сала бастады

Жас режиссер және вайнер, «Жастар Ералашы», «#NashaUskamasha», «Expo Stories» жобаларының авторы Әлішер Мишелев YouTube-тағы каналында өз видеоларының жаңа форматын бастады - #Freeword.

Өскемендік Әлішер Мишилев вайн, влог, скетч, әлеуметтік видеодан бөлек жаңа форматтағы бейнежазбаларын YouTube пен Instagram-дағы каналына жүктеп отыр.

– Жаңа жанрда қызықты, абсурдты жаңалықтарға шолу жасаймын, стебпен және троллингпен айналысам. Ештеңеден қысылмай, кез келген тақырыпта айта берем. Free Word дегеннің өзі «Еркін сөз» мағынасын білдіреді. Жариялануға рұқсат берілген дүниенің бәріне пікір айтуға болады, – дейді автор.

 #Freeword шығарылымдарын YouTube-тағы автордың және оның командасының – «A.M. Projects» арнасынан көре аласыздар, инста-нұсқалары Instagram-да бар – @ali_mishelyov.

Жас жігіт шетелдіктер үшін ағылшын тіліндегі вайндарды да шығарады.

Әлішер Мишелёвтің жоспарында Астана туралы толықметражды фильмнің сценарийін аяқтау, Өскемендегі тұңғыш қысқаметражды action-боевик түсіру!

– Комедия мен драманы көп түсірем, енді жаңа жанрды бастау керек, – дейді жігерлі жас.

Әлішердің және оның командасының жобаларын YouTube-тағы «A.M. Projects» және Instagram-дағы @ali_mishelyov арналарынан көруге болады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo