Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенті Юлия Юрочкина Тарбағатай ауданында өнер көрсетті

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8-11 сәуір аралығында аймақтың шығармашылық ұжымдары Тарбағатай ауданының Ақжар, Тұғыл, Ақсуат, Жетіарал, Көкжыра ауылдарына гастрольдік сапармен болды.

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Ертіс-концерт» КМҚК ұжымы «Шығысым шырайлы елім» концерттік бағдарламасын ұсынды. Гастроль барысында Байжігіт атындағы облыстық қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, Ғибрат Азубаевтың би ұжымы, облыстық жастар театры өнер көсетіп, ШҚО тарихи-өлкетану мұражайы көрме ұйымдастырды.

Әртістер қатарында – ШҚМУ студенті, әнші, республикалық «Франкофония-2017» байқауының бас жүлдегері, өзге де беделді конкурстардың жеңімпазы Юлия Юрочкина болды.

Ақсуат ауылындағы концертке 10 мыңнан астам адам жиналды. Мәдениет үйіне сыймай қалған көрермендердің біразы концертті Лед-экраннан тамашалады.

Аудандық мәдениет үйінің залында ШҚО тарихи-өлкетану мұражайы археологиялық жәдігерлердің жылжымалы көрмесін ұсынды.

Баспасөз қызметі

Сурет «Алтайньюс» сайтынан алынды

Қазақ
× You found a Typo