«Жылдың студент көшбасшысы» аталымында ШҚМУ-дың 4 курс студенті, болашақ физик, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілқайыр жеңімпаз атанды.
27-28 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семейде «Біздің №1/ Наш №1» облыстық жастар форумы өтті, оны ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Форум аясында әйгілі желестермен, қоғам қайраткерлерімен, спортшылармен кездесулер өтті, семинар-тренингтер жүргізілді, облыс әкімінің 7 аталым бойынша «Мемлекетт жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлықтары табысталды.
«Жылдың студент көшбасшысы» аталымында ШҚМУ-дың 4 курс студенті, болашақ физик, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілқайыр жеңімпаз атанды.
Батырбай Әбілқайырды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа табыстарға жете беруін тілейміз!
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім