Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «25 жылдыққа – 25 ізгі шара» акциясын өткізді

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-курс студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына орай «25 жылдыққа - 25 ізгі шара» деген топтың мақсатты шараларының бірі - «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты шарасын Өскемен қаласы әкімдігінің «Еркетай» балабақша-бөбекжайында өткізді.

«Бала тәрбиесі – бесіктен» дегендей, ол балабақшадан басталады. Патриоттық тәртіп те жастайынан қалыптасады. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттері мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен  танысты. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы балаларға тәлім-тәрбие берудің мүмкіндіктерін «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты шарасын» ұйымдастыру барысында баламен жұмыс жүргізудің қиын да, қызық, шығармашылық дайындықты талап ететін байқады.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен жоғары оқу орыны бірлесе ұйымдастырылатын жұмыстар болашақ маманның, жұмысқа ерте араласып, олардың бейімделуіне мүмкіндігі зор.

Педагогикалық білім және менеджмент

кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Мақшиева

Қазақ
× You found a Typo