Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері 7-ші қысқы Универсиадада лайықты өнер көрсетті

Наурыздың 7-інен 11-іне дейін қысқы Универсиада эстафетасын қол күресі (қыздар), гір спорты, қысқы спорттық бағдарлау (ерлер, қыздар) бойынша сайыстарға қатысқан ШҚМУ командасы жалғастырды.

ШҚМУ студенттері университет намысын лайықты қорғады. Қол күресінен қыздар командасы жалпыкомандалық 1 орын иеленді:  Белан Алина, 1 курс, МжСФ, 55 кг – 1 орын;  Голитовская Полина, 2 курс, ЖҒжТФ, 55 кг – 2 орын; Бақытханова Ақерке, 3 курс, МжСФ, 60 кг – 1 орын; Скрипченко Кристина, 2 курс, МжСФ, 65 кг – 2 орын;  Сағымғалиева Нәзира, 2 курс, МжСФ, 70 кг – 3 орын; Талғатова Мөлдір, 2 курс, МжСФ, 80 кг – 1 орын; Көпбаева Әсем, 1 курс, магистратура, МжСФ, +80 кг – 3 орын.

Гір спортынан ұлдар командасы мына жүлделі орындарды иеленді: Сләмбеков Айбол, 1 курс, МжСФ, 68 кг – 2 орын; Икрамқұл Жандос, 3 курс, ЖҒжТФ, 95 кг – 2 орын; ​ Зейдалиев Рамазан, 3 курс, ЖҒжТФ, +95 кг – 1 орын.

Қысқы спорттық бағдарлау командасы барлық жүлделі орындарды иеленді.

Ең көп жүлде алған спортшылар: МжСФ 1 курс студенті Александр Мирошниченко, ол орта қашықтықта 1 орын, эстафеталық жарыста 2 орын, спринте 2 орын алды.

Қыздар арасында МжСФ 2 курс студенті Анастасия Огнева спринтте 3 орын, орта қашықтықта 1 орын, эстафетада 2 орын алды.

Командаға эстафеталық жарыста 2 орынды Федор Сухоносов (4 курс, МжСФ) және спринтерлік қашықтықта 3 орынды Николай Немцев (1 курс, МжСФ) әкелді.

Жалпыкомандалық орынға өз үлестерін команданың өзге мүшелері де қосты: Егор Павленко, Елена Гирева, Виктория Мамотова (1 курс, МжСФ) және «Биология» мамандығын студенті Татьяна Екимова.

Қорытынды бойынша біздің спортшылар қысқы бағдарлаудан 7-ші қысқы Универсиаданың күміс жүлдегерлері атанды.

О. Кривко, спортклуб

Қазақ
× You found a Typo