Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Ақбауыр аңғарындағы сенсациялық археологиялық қазба жұмыстарына қатысуда

Белгілі отандық археолог Зейнолла Самашев облыс әкімі Даниал Ахметовті Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай үш шақырым жерде орналасқан Ақбауыр тауындағы археологиялық ескерткіштерден табылған кезекті сенсациялық жаңалықпен таныстырды

Бұл жерде жартас суреттері мен петроглифтері бар алаптарымен атақты Ақбауыр шатқалының бірегей табиғи ландшафтары аясында Зейнолла Самашев соңғы қола дәуіріндегі және ерте темір дәуіріндегі қоныс қалдықтарын тапты. Соңғы факт ерекше қызығушылық тудырады, өйткені ел аумағындағы сақтардың отырықшы қоныстары өте аз зерттелген, ал елдің шығысында бұл алғаш рет ашылып отыр. Бұл жағдай ежелгі сақ халықтарының экономикасы мен қоғамдық құрылымын жаңаша зерделеу тәсілдерін ашады, өйткені Дала кеңістігінің ертедегі көшпенділерінің тек көшпенді салт-ғұрпы жайындағы пікір әрдайым басым болатын.

Атауы Ақбауыр-1 аталған елді мекендегі көп мөлшерде дәнүккіштердің, ою-өрнексіз керамикалардың, қайрақ тастардың, жылқы, қой, ешкі сүйектерінің табылуы осы ескерткішті қалдырған адамдар шаруашылығының кешенді сипатын айқын дәлелдейді. Жұмыс жетекшісі, профессор Зейнолла Самашев айтқандай, бұл ескерткіштің шамамен уақыты – б.з.д. XI-IX ғғ.

З. Самашевтың тұжырымдарымен Ресей Ғылым академиясының Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік институты археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Петербор қ.) Николай Боковенко келіседі. Ол Ақбауыр-1 елді мекенінде өте маңызды ғылыми жаңалық жасалғанын атап өтті. Шығыс Қазақстан аумағында алғаш рет ертесақ қонысы ашылды, бұны қазба жұмыстары кезінде табылған көптеген артефактілер растайды. Әсіресе, ерте сақтардың көшпенді шаруашылығын көрсететін қайрақты тастарды атап өткен жөн. Қола және ерте темір дәуірінің қабаттарын бөлу үшін керамика сипаттамаларын мұқият қарау керек. Бұл З. Самашев ұсынған кезеңді тағы бір растайды – б.з.д. XI-IX ғғ.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан аумағында бірнеше жыл ғана жұмыс істеп келе жатқан Н. Боковенко экспедицияның тамаша ұйымдастырылғанын, әлемдік археологиядағы бірегей жаңалықтар ашатын түрлі археологиялық ескерткіштерді зерттеуге ғылыми көзқарасты жоғары  атап өтті.

Барлық жұмыстар облыс әкімі жетекшілік ететін облыстық археологиялық зерттеулер бағдарламасы аясында өтуде.

Табылған заттар аймақтың ерте дәуір сақтары отырықшы өмір салтын жүргізгенін, оларда егіншілік, мал шаруашылығы, металлургия, қолөнер өндірісі қатар дамығанын білдіреді.    

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен оқытушыларының белсенді қатысуымен мыңнан астам керамика сынықтарының фрагменттері мен басқа да материалдар камералдық жағдайда өңделеді. Барлық артефактілер облыстық этнографиялық мұражай қорына беріледі, бірақ университет студенттері Қазақстанның ежелгі тарихының шешілмеген көптеген сұрақтарына жауап табатын осы көрнекті артефактілерді алдын ала өңдеуге, зерделеуге үйренетін болады.

Ғалымдардың пікірінше, өте перспективалы болғандықтан ескерткішті қазу жұмыстары келесі жылы жалғасады. Ғылым алдында осы шағын аудан аумағында орналасқан ескерткіштердің әр түрлерінің мәні мен мағынасын анықтау, типология, классификация, оның ішінде оларды синхрондау міндеттері тұр. Өткен жылдардағыдай аймақ ескерткіштерін зерттеу халықаралық сипатқа ие, оған Ресей, Түркия, Әзірбайжан археологтары қатысады. Ал, мұнда М. Кариевтің жетекшілігімен жұмыстар атқарып жатқан ШҚМУ студенттері жақсы ғылыми тәжірибе алатындары сөзсіз, болашақта олардың арасынан өлке және жалпы ел тарихының зерттеушілері шығуы әбден мүмкін.

ШҚО Ақпараттық орталығы

Фото А.Попов https://cloud.mail.ru/public/3Gzt/25UBQAqWJ

Қазақ
× You found a Typo