Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Al-Farabi Smart University» блогтурына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика мамандығының студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұйымдастырылған «Al-Farabi Smart University блогтур» жұмысына қатысты.

Студенттер Талшын Нұрланова, Дана Сайлаубекова, Нұрболат Советxанов ҚазҰУ-да өткен «Al-Farabi university – smart city» ғылыми-инновациялық даму моделімен танысып, блогтурға қатысты. Екі күнде блогосфераның танымал өкілдерімен кездесулер, көрнекті ғалымдардың, кәсіпкерлер мен журналистердің шеберлік-сағаттары өтті. Атап айтсақ, «Abai.kz» порталының бас редакторы Қанат Әбілқайыр, «Massaget» жастар порталының бас редакторы Ербол Молдажанов, «Baribar.kz» порталының коммерциялық редакторы, видеоблогер Айжан Кәрібаева, Ауғанстанның Алматыдағы бас консулдігінің өкілі, блогер Эxтияр Хамза өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-тренингке Өскемен, Талдықорған, Алматы университеттерінің студенттері қатысып, сұрақтарына жауап алды, университтетің жаңа модельді технологиялық және рухани-танымдық платформаларымен танысты,  жаңа медиабілімге сусындап қайтты. 

ҚазҰУ-дың кампусымен, телерадиокешенімен танысқан студенттер семинар-тернингтен алған әсерлерімен бөлісіп, сұxбат берді.

Тренинг соңында барлық қатысушыларға Instagram желісінде пост жариялау ұсынылды.

ШҚМУ студенттері I дәрежелі дипломдармен марапатталып, өздерінің жаңа медиа саласында озат екендіктерін дәлелдеді.  

Талшын Нұрланова, журналистика мамандығының 1 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo