Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Алтай» арнасының маусымашарына қатысты

20 қыркүйекте «Қазақстан» теле және радио корпорациясының Шығыстағы филиалы – «Алтай» арнасының жаңа маусымашары өтті.

«Юбилейный» кинотеатрында өткен шараға жиналғандар арнаның алдағы жылдық жоспарымен танысты. Жаңа дүниесімен елді қуантуға асығатын ұжымның ұсынары мол. Журналистер жаздайғы еңбектерінің жемісімен халықтың рухани байлығын толтырмақ.

Бағдарламалар қатары жаңа жобалар, деректі әрі көркем фильмдермен толығуда. Олардың арасында ерекше атап айтылатыны – ШҚМУ-мен серіктестікте түсірілетін «АLTAI JASTARY» студенттік ток-шоуы.

Жиында ШҚМУ мен Өнер колледжінің студенттері, «Инкоро» тобы өнер көрсетті. «Казцинк» ЖШС өкілі Зарина Граневская мен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жанат Мекеева ақ тілектерін білдірсе, телеарнаның жаңа директоры Нұртас Көшеров арнаға «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берді.

Күмісжан Исан,

журналистика мамандығының 1 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo