Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Алтай ауданының мектеп директорларымен кездесті

29 наурызда «21 ғасыр мектебі: басқарудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» өңірлік конференциясы аясында ШҚМУ педагогикалық мамандықтарының соңғы курс студенттері Алтай ауданы орта мектеп директорларымен кездесті.

Кездесуде студеттерге бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу шарттары мен талаптары, әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді.

Мектеп басшылары Алтай ауданында бастауыш білім беру, математика, физика, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдерінің жетіспейтінін атап өтті.

Кездесуде директорлар университет түлектерінің дайындық деңгейі жоғары екенін атап, келесі оқу жылында ШҚМУ-дың білікті жас мамандары олардың қатарына қосылатынына үміт білдірді.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo