Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері арасында «Мерекелі алтын күз» байқауы өтті

«Мерекелі алтын күз» байқауы жастар жылы аясында жастарды табиғатты сүюге баули отырып, ұйымшылдыққа тәрбелеу, өнерлерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау шартына сәйкес студенттер төрт кезең бойынша сынға түсті. «Таныстыру» кезеңінде әр Студенттер үйі жатақхана өмірін, студенттік кезеңнің қызықты сәттерін жеткізді. «Күзгі дефиле» кезеңінде әр Студенттер үйі күзгі элементтер қосылған көйлек дизайндарын ұсынды. Сәнді көйлектерді сахнада арулар таныстырды. «Берекелі дастархан» кезеңінде студенттер қиялдарына ерік бере жасаған түрлі тағам түрлерін ұсынды. «Өз өнерін көрсету» кезеңі күз мезгіліне қатысты «Күзгі еңбек», «Күзгі әсем табиғат», «Күзгі лирика» сынды ұғымдардың мәнін ашуға бағытталды.

Студенттер барлық кезеңде өнерін түрлі жанрларды, сапалы бейне-аудио ресустарын қолдану арқылы көрерменге жеткізді.

Қазылар алқасында ішкі саясат басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Е. Балтабеков, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филианыңы төрайымы М. Бақытқызы, ШҚМУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Р. Абдрасулин болды. Алқа шешімімен бас жүлде №5, 1 орын №4, 2 орын №1, 3 орын №3 Студенттер үйлеріне берілді. 

Университет ректоры, профессор Мұхтар Төлеген қорытынды сөзінде қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарға тағайындалған ақшалай сыйлыққа қоса студенттер үйіне қомақты ақшалай сый бөлінетінін жеткізді. Жастарға жанашырлықпен жанкүйер болған университет басшысына студенттер шексіз ризашылығын білдіруде.

Бұның өзі Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» үндеуіндегі «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағытын іске асырудың айқын көрінісі екені сөзсіз.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім 

Қазақ
× You found a Typo