Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Асқар Можановпен кездесті

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, еліміздің спорт шебері, кикбоксингтен әлемнің бес дүркін чемпионы Асқар Можанов С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «ALTAI JASTARY» телерадиокешенінде қонақта болды.

Асқар Байжігітұлы спорттағы жоспарларымен бөлісіп, өзі жайында әңгіме қозғады. Әлем чемпионы 1995 және 2010 жылдары ШҚМУ-ды Дене шынықтыру және спорт, Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша аяқтаған. Кездесуге дене шынықтыру және спорт мамандығында оқитын 1-2 курс студенттері қатысты.

Биыл ШҚМУ-ға 2611 талапкер түскен. Дене шынықтыру және спорт мамандығында 82 талапкер қабылданған, оның 24-і – спорт шеберлігіне кандидат, 11-і – спорт шебері.

Білім ордасында оқып жатқын жас спортшыларға мотивация беру мақсатында чемпион өз жетістіктері мен киындықтары жайлы айтып, спорттың қыр-сыры жайында ойын ортаға салды.

Сұхбатты ұйымдастыруға мұрындық болған – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ж. Қабдолдақызы мен бас маман А. Нұртаева. Мұндай кездесулердің мақсаты – жауапкершілігі жоғары, өз ісінің майталмандарын жастарға үлгі етіп, мотивация беру. 

Кездесу соңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Асқар Байжігітұлына сәттілік тілеп, алғысын білдірді.

Елназ Әбенғазыева,

журналистика мамандығының 2 курс студенті 

Қазақ
× You found a Typo