Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «аспаз» және «тігінші» мамандықтары бойынша қысқамерзімді курстардан өтті

Жастар жылы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жастарға арналған тағы бір жаңа әлеуметтік жоба қолға алынды.

Университет ректорының тапсырмасымен Кәсіптік  даярлау және біліктілікті аттыру ресурстық орталығында «Қайта өңдеу өндірісінің  технологиясы» және «Кәсіптік оқыту» мамандығының 16 студенті «Аспаз» және «Тігінші» мамандықтарын алу үшін қысқа мерзімді курстан өтті.

Бұл – студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлардың бірі. Студенттер бакалавр дипломын алғанға дейін аталған мамандықтар бойынша жұмысшы кәсібін игеріп, куәлік иеленеді.

Қысқамерзімді курстарды ұйымдастыру үшін алдын ала үлкен дайындық жұмысы жүргізілді. Өндіріс орындарымен келісімшарт жасасу, жұмыс жоспары, жұмыс бағдарламасын, сабақ кестесін құру т.б. құжаттарды жасау, кадрлар құрамын жасақтау тәрізді күрделі ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асты.

«Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері екі ай көлемінде «Просто Мария» тігін салонында киім тігу технологиясын, ал «Қайта өңдеу өндірісінің  технологиясы» «Сербиян» асханасының базасында дәмді және пайдалы тағам жасаудың қыры мен сырын үйренді.

Сол жұмыстардың нәтижесі 22 қарашада шығарылып, студенттер «Тігінші» және «Аспаз» кәсіптері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырды. 

Біліктілік комиссиясының құрамына университеттің әлеуметтік серіктестері «Сербиан» асханасы («Рахматуллина А.» ЖК) мен «Просто Мария» («Бейсенова Г.» ЖК)  тігін салонының мамандары кірді.

«Аспаз» кәсібін алушылар комиссия назарына 3 түрлі тағам: салат, ыстық тағам және десерт ұсынды. Әр тағамға калькуляциялық карта жасап, олардың жасалу технологиясын айтып беру талап етілді. «Аспаз» мамандығы бойынша біліктілік комиссиясы студенттердің даярлығының жақсы деңгейде екенін атап өтті. Комиссия қорытындысы бойынша студенттерге «3 дәрежелі аспаз» біліктілігі берілді.

«Тігінші» кәсібі бойынша дайындықтан өткен студенттер біліктілік тапсырмасын орындау үшін белдемше тікті. Тапсырма бойынша белдемшені белгіленген пішінмен, тиісті матадан тігу, сонымен қатар, тіккен бұйымның құнын есептеп шығару керек болды. Қыздарымыз комиссия алдында дайындаған заттың тігу технологиясын қорғап, «3 дәрежелі тігінші» біліктілігіне ие болып шықты.

Ресурс орталығы арқылы кәсіп үйрену мүмкіндігін студенттермен қатар, кез келген адам пайдалана алады. Бұл мамандықтардан бөлек кондитер, ЭЕМ операторы, референт-хатшы, бухгалтер т.б. мамандықтарды алуға болады. 

Кәсіптік даярлау және біліктілікті

арттыру ресурстық орталығы

Қазақ
× You found a Typo