Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Астанада өткен «Рухани жаңғыру» семинарына қатысты

ШҚМУ студенттері Астанада өткен «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингіне қатысты. Іс-шара осымен үшінші жыл қатарынан Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп келеді. Семинар-тренингке оқу орнымыздың ең белсенді жастары, оқу, спорт озаттары жыл сайын қатысады.

Іс-шара екі күн өтіп, студенттерге жаңа ақпарат, идея, тың жаңалық ұсынды.

Бірінші күн «Бәсекелік қабілет – ұлттың XXI ғасырдағы жаңғыруы» тақырыбында ф.ғ.д., профессор Ғ. Телебаев, т.ғ.к. С. Бердағұлова дәрістерімен басталып, «Бәсекелік қабілет» аясындағы командалық ойындармен, психологиялық жаттығулармен жалғасты. Оқу орнымыздың студенттері білімділігімен, жан-жақтылығымен дәріскерлер мен ұйымдастырушыларды тәнті етті.

Студенттер Ұлттық мұражайға, Елбасы кітапханасының мұражайына экскурсия жасады.

Екінші күн «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбындағы дәрістермен басталды. Семинар қорытындасы бойынша студенттер сертификаттармен марапатталып, әрқайсысына «Біздің Президент» кітабы сыйға тартылды. Сонымен қатар, «Әлеуметтік желідегі ең үздік жарияланым» байқауының жеңімпазы болып оқу орнымыздың «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенті Гүлайым Әбдуәли мен «Психология» мамандығының 2 курс студенті Әлішер Талғатов атанды. Студенттер Астананың ерекше жерлеріне экскурсия жасады.

Осындай пайдалы іссапарларға жөнелтіп, жастарға қолдау көрсетіп отырған оқу орнымыздың ректоры Мұхтар Әділбекұлына студенттердің айтар алғысы шексіз!

Н. Аманжолова,

Идеялық тәрбие жұмысы жөніндегі маман

Қазақ
× You found a Typo