Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Астанадағы Жастар жылы ашылуының тікелей көрсетілімін тамашалады

Елбасы қатысқан «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылының ашылу салтанатының тікелей көрсетілімі өтті.

Мемлекет басшысы жастармен «Нұр әлем» павильонында («ЭКСПО-2017» көрме кешені) кездесті.

Іс-шараға қатысушылар арасында Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, кәсіпкерлер, шығармашыл, студент және жұмысшы жастар өкілдері, спортшылар, әскерилер және тағы басқалар болды.

Елбасы жастардың қоғам өмірінің барлық саласына белсенді әрі тиімді қатысуы үшін Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

– Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр, – деді Н.Ә. Назарбаев. – Өткен жылы Қазақстанда орта мектепті 125 мыңнан астам жас түлек бітіріп шықты. Келешекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түспек. Қазіргі уақытта елімізде 300 мыңға жуық адам немесе жастардың 9 пайызы оқуға және еңбекке тартылмаған. Бұл санатқа жататын жастардың санын азайтуға септігін тигізетін тиімді шаралар қабылдау қажет. «100/200» қағидаты негізінде «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу қажет. Үш жыл ішінде бұл жоба еліміздің барлық өңірі бойынша 200 мыңға жуық жас азаматты қамтитын болады. Осы жоба аясында жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында сұранысқа ие 100 индустриялық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлау іске асырылады.

Кездесуде жастар тарапынан іске асырып жатқан табысты жобалар таныстырылды, олар – «Naimi.kz», «Shoqan suits», «Qazaq eli», «Beyond», «Kusto Group». Сөз алғандар ішінде түрлі салада жетістікке жеткен жастар, танымал кәсіпкерлер, стартапшылар, еріктілер, ауыл шаруашылығы, ғылым, ІТ-технология және әдебиет мамандары болды. Олардың арасында кәсіпкер Расул Абдуллаев, стартапшы Иван Крепак, ерікті Айсұлу Ерниязова, агросала өкілі Тамила Розметова бар.

Тікелей көрсетілім №5 оқу ғимаратының акт залында, «Назарбаевтану» орталығы мен «Рухани жаңғыру» конференц-залында өтті.

Көрсетілімнен кейін акт залында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген сөз сөйледі.  

Оның айтуынша, оқу орнында дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді, барлық студенттер үшін түрлі әлеуметтік кепілдемелер әрекет етуде.

– Биыл бізге 2611 талапкер түсті, олардың 24-і – спорт шеберлігіне кандидат, 11-і – спорт шебері, 39-ы – «Алтын белгі» иегері, 40-ы – ерекше аттестат иегерлері, республикалық олимпиадалар жеңімпаздары. ШҚМУ – жетекші көпбейінді университет, Шығыстағы ірі ғылыми, мәдени орталық. Елдегі 130 көпбейінді ЖОО рейтингісінде ШҚМУ алтыншы орын алады. Бакалавриат пен магистратураның 12 білім беру бағдарламасы үздік үштікке еніп отыр. Сондай-ақ, университет Қазақстандағы озық 10 жоғары оқу орны қатарына кіреді. Сондықтан біз білім ордамызды өңірдегі №1 университет деп сенімді айта аламыз. Елбасының бүгінгі Жастар жылының ашылуында айтқан барлық ұсыныстарын қызу қолдауға шақырамын, – деді ректор.

Жас белсенділер атынан Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Марлен Әбубәкір сөз алды.

Осы іс-шараға дейін және кейін де залда бейнероликтер көрсетіліп, патриоттық музыка ойналды, студенттер ел саясатын қолдап ұрандатты.

Фото https://cloud.mail.ru/public/3bhq/K4z8qZPpH     

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo