Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері балалар мен жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруіне қатысты

Өскемендегі Республика алаңында балалар мен жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруі өтті, оған облыс орталығындағы білім алушылар мен студенттер қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен халықаралық балаларды қорғау күніне орай республиканың барлық аумағында бір мезгілде балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.

Бұл шеру – еліміздің мәдени өміріндегі ерекше оқиға, әр білім беру ұйымының жетістіктері туралы және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында балалар мен білім алушылардың көше-фестивалін өткізу туралы есебі.

Шеруді Шығыс Қазақстанда облыс әкімдігінің қолдауымен білім басқармасы өткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпов жиналғандарды құттықтап, балаларға әрдайым білім мен жаңалыққа құмар болуды, жазда жақсылап тынығуды тіледі, сондай-ақ оқу озаттарына демалыс лагерьлеріне сертификаттар табыстады.

Шеруды қабылдаушылар қатарында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Амангелді Толамисов болды.

Дәстүрлі түрде ШҚО білім алушылар мен студенттері шеруге белсенді атсалысады, облыс орталығында 5 мың, облыс аудандары мен қалаларында 100 мың адам қатысты.

Бұл күні орталық көшелер мен даңғылдарда барабаншылар отрядтары, үрмелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би топтарының ұжымдары өтті.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері де шеруге қатысып, оны би флешмобымен ашты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo